Еліміздің экономикалық өсуі жеті басым бағытпен дамитын болады. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жаңа жүйенің жұмысымен таныстырды.
Министрдің айтуынша, сыртқы экономикалық қатерлерге қарамастан, Қазақстан әлемнің неғұрлым дамыған мемлекеттерінің 30-дығына ену бағдарын жалғастырады. Бұл үшін 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын қабылдау арқылы жаңа экономикалық даму үлгісіне өту керек. Бұл орайда осы саладағы негізі 7 жүйелі өзгеріс пен 7 басым саясаттың берері мол. Жеті басым бағыт - халықтың жоғары өмір сүру сапасын көтеру, макроэкономиканы қамтамасыз ету, экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қаржылық сала мен «жасыл» экономиканы дамыту, инвестиция тарту секілді ірі жобалардан тұрады.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.