Францияда COVID-19 вирусы өткен жылы табылған болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда COVID-19 вирусы өткен жылы табылған болуы мүмкін

06.05.2020
Францияда COVID-19 вирусы өткен жылы табылған болуы мүмкін

Франция ауруханаларының бірінде жұмыс істейтін дәрігер COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқасты желтоқсан айында қабылдағанын жеткізді. АҚШ-тың Калифорния штатанда да коронавирус індетінің негізі белгілері анықталмай тұрып, дәл осы вирусты жұқтырған адамдар табылғаны анықталуда.

Егер Франция азаматының желтоқсан айында тапсырған тест қорытындысы коронавирусқа нақтыланса, COVID-19 вирусы Еуропаға ДДСҰ айтқан уақыттан да ерте келгені дейді сарапшылар.

Алайда ол уақытта ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жарияламаған болатын. Сондықтан вирус жұқтырған науқастың ауру белгілері, оны анықтайтын тесттер бекітілмеген еді.

Сонымен қатар, АҚШ-тың Калифорния штатындағы ауруханаларда жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша елде коронавирустан көз жұмған алғашқы науқас та желтоқсан айының басында тіркелген. Ал Швецияның бас эпидемиолог-дәрігері Андерс Тегнелл елде COVID-19 вирусының таралуы 2019 жылдың соңынан басталғанын жеткізді. Оның айтуынша, Қытайға саяхаттап келген еуропалықтардан вирустың табылуы мамандарды таңқалдырмауы тиіс көрінеді.

ВВС


Хабарламаларға жазылу