Теңгенің күрт құнсыздана бастады. Апта басында 1 доллардың құны 364 теңге болса, бүгін 370 теңгеге дейін жетті. Бұл Ұлттық банктің қойып отырған бағамы. Ал, ақша айырбастау орындарында 1 доллардың құны 373, кей жерлерде 374 теңгеге теңесіп отыр. Күні кеше ұлттық валютаның құнсыздануы Үкімет отырысында сөз болған еді. Мамандар жыл соңына дейін теңгенің біршама арзандауы мүмкін екендігін болжаған.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.