400-ден астам халқы бар Беріктас ауылы ауыз сусыз отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

400-ден астам халқы бар Беріктас ауылы ауыз сусыз отыр

05.05.2020

Ал Алматы облысында 400-ден астам халқы бар Беріктас ауылы тіршілік нәріне зәру. Өйткені он жыл бұрын мемлекеттік бағдарламамен тартылған су жүйесі іске жарамай қалған. Есесіне өңір басшылығы елді мекендердің 91 пайызы ауыз сумен қамтылған деп желеулетіп отыр. Тұрғындар суды таңғы бесте алып қалуға тырысады. Себебі одан кейін бұл жермен мал жайылымға шығады. Ол кезде су тіпті лайланып, қой-ешкінің тезегіне толып қалады. Он жыл бұрын «Таза су» бағдарламасымен 52 миллион теңге жасалған су жүйесінің қазіргі сиқы осы.

10 жылдан бері ауыл тұрғындарын титықтатқан мәселені аудандық әкімдік биыл шешіп бермек. Онда да бюджеттегі қаржы үнемделсе ғана.

Елдегі төтенше жағдай мен облыстағы карантиндік шараларға байланысты бұл жұмыстардың нақты қашан қолға алынатынын ешкім дөп басып айта алмайды.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу