Сардоба су қоймасының жарылуына байланысты Қазақстан Өзбекстанға нота жолдамайды. Айта кетейік, кешелі бері әртүрлі ақпарат құралдарында Түркістан облысындағы ауылдардың зардап шегуіне байланысты «Қазақстан Өзбекстанға наразылық нотасын жіберді» деген мәлімет тараған болатын. Бүгін Сыртқы істер министрлігі осыған қатысты ресми түсініктеме берді.
Ербол МӘНДІБЕК