Шет елден Қазақстанға 6 айда 147,5 млрд теңге аударылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шет елден Қазақстанға 6 айда 147,5 млрд теңге аударылған

20.08.2018

Жарты жыл ішінде Оңтүстік Корея мен Қырғызстаннан Қазақстанға аударылатын ақша мөлшері күрт өскен. Бұл ақпаратты «Ranking.kz» сайты жария етті. Корей түбегінен біздің елге аударылған  қаржы мөлшері 2,3 есеге өсіп, 22,9 млрд. теңгеге жеткен. Қырғызстаннан бері келген ақшаның мөлшері 13,3 млрд. теңге.

Ал, тізімді Ресей бастап тұр. Бұл елден біздің мемлекетке шекара асқан қаржының соммасы 71,2 млрд. теңге. Мамандар «бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда аз», -  дейді. Жалпы, осы жылдың 6 айында  шет елден елімізге жөнелтілген қаржының жиынтық сомасы 147,5 млрд. теңге.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу