Президент «Egemen Qazaqstan» газетіне сұхбат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «Egemen Qazaqstan» газетіне сұхбат берді

05.05.2020

Еліміз қазіргі қиындықтардан ширап, шыңдалып шығады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында күрделі кезеңнен осылай ой түйіп, көптің көкейіндегі сауалдарға жауап берген. 

Пандемияда елдің айбынды қалқаны тек әскері ғана емес, мықты медицина екенін де тілге тиек еткен. Алдағы уақытта бұл салаға баса назар аударылмақ. Елімізде медициналық-биологиялық зерттеулерді дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. 

Ал індетпен ілесе келген дағдарыс жағдайында көптеген ауқымды жиындарға арналған қаражат қысқартылады. Қазына қаржысына бұдан былай қымбат көлік пен жиһаз сатып алынбайды. Ал «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қайта қаралып, жаңа сынақтарға төтеп беру үшін ең әуелі ұлттық құндылықтарды ұлықтау мәселесі қолға алынады.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу