Елордадан 40 тонна гуманитарлық көмек Мақтааралға жөнелтілді. «Nur Otan» партиясының тарапынан ұйымдастырылған көмек қызыл судан зардап шеккен 1500 отбасыға жеткізілмек. Əр отбасыға 30 келі азық-түлік үлестіріледі.
Айта кету керек, елімізде төтенше жағдай енгізілгелі Елбасының бастамасымен партия жастары 110 мың отбасыға азық-түлік қоржынын жеткізіп, үш мегаполисте 5 млн маска тегін таратылды. Енді қиын жағдайға тап болған Мақтаарал жұртшылығына да қол ұшын созуда.
Махамбет Бейбітшілік