Қорғаныс министрлігінің ұшағы әуеде апатқа тап болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорғаныс министрлігінің ұшағы әуеде апатқа тап болды

04.05.2020

Осыдан бірер сағат бұрын Қорғаныс министрлігінің ұшағы әуеде апатқа тап болды. Нұр-Сұлтаннан Ақтөбеге шыққан С-295 әскери борты түстен кейін сағат 4-тер шамасында көкке көтерілген. Алайда, техникалық ақау болып, көлік жерге қона алмайды. Алдына ала анықталған мәліметке сәйкес, ұшақтың алдыңғы дөңгелектері ашылмай қалған. Ұшақ Алматыға бет алды. Ол жерде ұшақтың мейлінше қауіпсіз қонуы үшін, ұшып-қону жолағына көбік шашылып, арнайы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жағдай әскерилердің қатаң бақылауында.

Сәуле АЛДАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу