Елдегі тері бұйымдары есепке алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі тері бұйымдары есепке алынды

16.08.2018

Таңбаланбаған тері бұйымдарын саудалаған кәсіпкерлер 2019 жылдан бастап қомақты айыппұл төлейді. Тіпті тауары тәркіленуі мүмкін. Еліміздегі тері бұйымдарын электронды құжатпен қамтыған мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары осылай, деді.

Электронды чип - тері бұйымдарын көлеңкелі айналымнан шығарып, бюджетке түсетін салық мөлшерін молайтқан. Өткен жылдармен салыстырсақ көлеңкелі бизнес 10 есе кеміді-дейді, мамандар. Қазіргі таңда, комитеттегілер ел бойынша 237 мыңнан астам тері бұйымын есепке алған.

Мексикалық тышқан терісі ме, әлде грекияның құндыз ма, оны анықтау енді қиын емес. Бұдан былай Қазақстанда саудаланатын тері бұйымның жеке электронды құжаты болады. Чиптің көмегімен өзіңізге қажет тауардың шығу тегін markirovkа.kz қосымшасы арқылы түп-тұқиянына дейін біле аласыз.

Ал, таңбалаудан жалтарғандарды қомақты айыппұл, тіпті тауарды тәркілеуге дейінгі жаза күтіп тұр. Комитеттегілер қатаң шара келер жылдан бастап қолданысқа енеді деп отыр. Әзірге, қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, тері бұйымдардың құжатын жасатып алған абзал.

Жомарт Ахметов, кәсіпкер:

Кеше айтып жатыр шекарада акциз көтерілсе, тауар автоматты түрде қымбатайды. 

Комитеттегілер алып-қашпа әңгімелерге сенбеу керек дейді. Кедендік баж салығы бұрынғы қалпы. Заңға сай импортталатын әр тауардан кеденде 12 пайыз алым алынады. Ал, электронды құжат даярлау оның бағасына әсер ете ме деген сауалдың қойылуы заңды. Алайда, мамандар бұл тері ішікті ұнататын тұтынушы қалтасына салмақ салмайды дейді. Мәселен, бір бұйымды таңбалау құны 300 теңге.

Нұрдәулет Орынтай, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы:

Тері бұйымдарын таңбалап бастағалы импорттық салық төлемдер 78 млн-ға арты. Қазір 106 млн. Оның алдыңғы жылдың жарты жылымен салыстырсақ, 26 млн.

Кәсіпкерлер жаңашылдыққа үйрене бастағандай. Жоба іске асқан 6 ай ішінде бюджетке түсетін салық еселеп өскен. Ал, ендігәрі тері бұйымның сапасын қалай анықтауға болады деген сауалға сатып алушы электронды чипті тексеру арқылы деп жауап берері сөзсіз.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу