Қазақстан мен Ресей сауда саласындағы кедергілерді жойып, шекарада жүктің өтуін жеңілдетпек. Бұл туралы екі елдің өкілдері қатысқан онлайн конференцияда айтылды. Биыл қаңтар-ақпан айларында екі елдің сауда айналымы 2,7 миллиард долларға жеткен, бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 3,8%-ға көп. Дегенмен пандемияға байланысты алыс-беріс көлемі төмендеп кеткені жасырын емес. Сондықтан жағдайды түзеу үшін тауарды сертификаттау рәсімдерін жеңілдетіп, оны цифрландыру керек. Жуырда қауіп-қатерге қарсы тұрудың іс шаралар жоспары бекіп, бір құжат болып қабылданады. Сол кезде кедергілерге тап болған қарапайым шаруалардың мәселесі бір жола шешілмек.
Индира БЕГАЙДАР