Үкіметте ел экономикасының салаларын дамыту мәселесіне қатысты жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметте ел экономикасының салаларын дамыту мәселесіне қатысты жиын өтті

04.05.2020

Ел Премьер-Министрі Асқар Мамин экономиканың түрлі салаларын қолдау мәселелері бойынша бірнеше кеңес өткізді. Аталмыш жиындар құрылыс саласындағы, азаматтық авиациядағы, шағын және орта бизнестегі түйткілдерді шешуге бағытталған. Талқылауға орталық мемлекеттік органдардың, еліміздегі ірі компаниялардың басшылары қатысты. Басты мүдде — Қазақстанның экономикалық өсімін қалпына келтіру. Оның ішінде кәсіпкерлік субъектілерін ынталандыру, отандық тауар өндірушілерді қорғау, рұқсат беру рәсімдерін жеңілдету шаралары бар.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу