Үлескерлердің үміті үзілгелі тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үлескерлердің үміті үзілгелі тұр

17.03.2017

Астанада бір топ үлескерлер «баспанаға берген қаржымыз талан-таражға түскелі жатыр» деп дабыл қағуда. Олар осыдан 4 жыл бұрын «Айсанам Де Люкс» пен «Жеті жол» тұрғын үй кешенінен пәтер алуы тиіс болған.

Алайда, қос нысанға жауапты мердігер құрылысты аяқтамастан қаржыны қалтаға басқан. Енді екі кешенді салып бітіру міндеті «Орда Инжиниринг» компаниясына жүктеліп отыр. Алайда, азаматтар онымен келісімшарт бекітуге қарсы. Себебі, ол компанияның не құрылыс техникасы, не қаржысы жоқ көрінеді.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу