Жамбыл облысынан төтенше жағдай болған көршілес Түркістан облысына гуманитарлық көмек жетті. Көмектің алғашқы легі Мақтааралға бағытталды.
Бүгін 40 тоннаға жуық азық-түлік пен қажетті заттар зардап шеккен тұрғындарға таратылады. Апаттың салдарын жою үшін ауданға Шымкент қаласынан бульдозер, грейдер, камаз жөнелтіледі. Одан бөлек көмек қолын созам деушілер үшін арнайы ашылған банк есепшоттарына қаржы аударуға болады.