Қатты соққан дауылдан Түркістан облысы Аққойлы ауылындағы үйлердің шатыры ұшқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатты соққан дауылдан Түркістан облысы Аққойлы ауылындағы үйлердің шатыры ұшқан

04.05.2020

Түркістан облысы Ордабасы ауданына қарасты Аққойлы ауылында дүлей дауыл тұрып, тұрғын үйлер мен қора-жайлардың шатырын ұшырып кетті. Жел екпінінің күшті болғаны соншалық - ағаштарды тамырымен құлатып, электр бағаналарының сымдарын үзіп кеткен. 

Түскі сағат 15:00 шамасында соққан дауыл небәрі 5 минутқа ғана созылған. Күн райы күрт өзгеріп, аспанға бұлт үйірілген. Артынша жұрт желден пана болар ықтасын іздеп, бас сауғалап кеткен. Көзді ашып-жұмғанша 19 үй шатырсыз қалды.

Бір тәуірі, табиғат апатынан адамдар аман. Төрт түлік те түгел. Қазір ауыл тұрғындары бүлінген жерлерді бүтіндеп, орнын тазалауға кірісті. Аудан әкімдігінен арнайы комиссия құрылып, апат шығыны есептелуде.

Ғани Қалмахан


Хабарламаларға жазылу