Түркістан облысындағы 5 елді мекенде қауіп сейілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысындағы 5 елді мекенде қауіп сейілді

04.05.2020

Мақтаарал ауданының 10 елді мекені қауіпті аймақта орналасқан. Оның 5-уі - Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық ауылдары су астында қалса, қалған 5 елді мекенді облыс əкімдігі, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті, «ҚазсуШар» және ауыл тұрғындарынан құралған волонтерлердің көмегімен су басу қаупінен шығарылды.

Соның ішінде атап өтетін стратегиялық маңызы зор 14 мыңнан астам халқы бар Мырзакент елді мекені қызыл су басудан аман қалды.

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өңірлік коммуникация қызметінің алаңында мәлімдеді.

Хабарламаларға жазылу