Алдағы 5 жылда еліміздің агроөнеркәсіп саласында еңбек өнімділігін кемінде 2,5 есеге көбейту міндеті тұр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице министрі Арман Евниев Ақмола облысында өткен тауар өндірушілердің іскерлік ойынында айтты.
Бұл мақсатқа жету үшін егістік даласында соңғы технологияларды кеңінен қолдану қажет. «Нео Номад» деп аталған жиында дәл осы сандық жүйелер мен заманауи техниканың мүмкіндіктері таныстырылды. Іс-шараға 50-ден аса шаруашылық жетекшілері қатысты.
Олар топ-топқа бөлініп, жерді тиімді пайдалану мен мол өнім алу жолдарын ұсынды. Үздік әрі тиімді ұсыныс иелеріне отандық комбайн сатып алуға 1 миллион теңге жеңілдік сыйлығы табысталды.
Сондай-ақ, агро салада сандық қызметтерді ұсынатын компаниялар өз жобаларының тиімділігін көрсетті. Инновациялық технологияларды қолданған диқандар оның жемісін қазірдің өзінде көріп отыр.
Арман Евниев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
Осы саладағы бірінші қадамымыз мына Ақмола облысында осы жыл басында арнайы осы полигон ашылған болатын. 3000 мың гектар жерде. Бидай және басқа дақылдар егіліп., Қалыптасқан дәстүрлі технологиямен салыстырма жасап, кәдімгідей көз жетімді болып, көрсетіп отырмыз.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.