Мәулен Әшімбаев Сенат төрағасы болып сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәулен Әшімбаев Сенат төрағасы болып сайланды

04.05.2020

Мемлекет Басшысының Жарлығымен Мәулен Әшімбаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылып, тиісінше Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалған. Іле Сенат депутаттарының жасырын дауыс беру нәтижесінде Мәулен Әшімбаев жоғарғы палатаның төрағасы болып сайланды. 

Сонымен қатар, Президент Жарлығымен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жұмысынан босатылып, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Сондай-ақ Президент Жарлығымен Аида Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.

Хабарламаларға жазылу