Түркияда вирус жұқтырғандардың саны азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда вирус жұқтырғандардың саны азайды

30.04.2020

Түркияда короновирус жұқтырып, ауруханада жатқандардың саны орта есеппен 60 тан 30 процентке дейін төмендеді. Мұндай мәліметті елдің Денсаулық сақтау министрі жариялады. Соңғы он күнде Түркияда вирус шарықтау шегіне жетіп, енді төмендей бастады. Мәселен, осыдан он күн бұрын коронавирус жұқтырғандар саны күніне 4600 адам болса, бүгінде бұл көрсеткіш 2100-ге азайды. Ал жазылғандар саны 44 мыңнан асты. Дегенмен елде әлі де сақтық шаралары қатаң сақталуда. Ертеңнен бастап тағы 3 күндік коменданттық сағат жарияланды.

Айдос ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу