Елімізде бейбіт митинг өткізу үшін рұқсат алудың қажеті жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде бейбіт митинг өткізу үшін рұқсат алудың қажеті жоқ

30.04.2020

Елімізде бейбіт митинг өткізу үшін рұқсат алудың қажеті жоқ. Яғни бұдан былай жиналыс, пикет, митинг пен түрлі шерулер бойынша тиісті рұқсат алуға ешкім міндеттелмейді. Бүгін Сенат бейбіт жиындар туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Жиын өткізу үшін әкімдікті екі апта бұрын ескертсе жеткілікті. Әрі митингке қатысатын адам санына да шектеу жоқ. Десе де бейбіт шерулер арнайы орындарда өткізілу керек. Митинг туралы заң жобасы президенттің тапсырмасына сай өзгертіліп отыр. Құжат бұған дейін халықаралық сарапшылар мен қоғам белсенділерінің талқылауынан өткенін айта кетейік.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу