Енді «оралман» сөзі «қандас» деп өзгертіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді «оралман» сөзі «қандас» деп өзгертіледі

30.04.2020

Оралман емес, қандас! Бүгін Сенат депутаттары «Көші-қон туралы» заңға енгізілген кейбір өзгерістерді екінші оқылымда мақұлдады.

Онда тарихи отанына оралған этникалық қазақтарды бұдан былай «қандас» деп атау керектігі жазылған. Атажұртын аңсап келген азаматтарды осылай атау туралы бастама, былтыр қыркүйекте көтерілген еді. Содан бері қоғамның қызу талқысына түсіп, енді заңға енгізіліп отыр. Сондай-ақ қабылданған құжатқа сай, елімізде оралман мәртебесін алу процесі жеңілдейді. Яғни Қазақстанға оралған азаматтарға бұрынғыдай, 1991 жылға дейін шет мемлекетте тұрғанын растап жүрудің қажеті болмайды. Әрі тарихи отанына оралғандарға елде тұрақты тұруға және азаматтық алуға құжаттарды бір мезетте тапсыруға мүмкіндік беріледі.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу