Мәдениет және спорт министрлігі эстрада өкілдерін ұтыс ойындарын өткізбеуге шақырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәдениет және спорт министрлігі эстрада өкілдерін ұтыс ойындарын өткізбеуге шақырады

30.04.2020

Мұндай шараларға қатыспай тұрып, заңдылығын тексеріп алған жөн екенін айтады олар. Айта кетейік, бұған дейін әнші Ернар Айдардың жарнамалауымен мыңдаған адамның ұтысқа қатысып, алданып қалғаны жайлы хабарлаған едік. Бүгін жауапты министрлік осы жағдайға қатысты ұстанымын жеткізді.

Мәдениет және спорт министрлігі эстрада жұлдыздарынан, өнер адамдарының мұндай шараларға қатысуын қолдамайды. Себебі бұндай ұтыс ойындар Қазақстан Республикасының «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» жүзеге асуы керек. Сондықтан барша өнер адамдарын мұндай шараларға қатыспас бұрын оның заңды жақтарын мұқият қарауын сұраймыз. Мәдениет және спорт әр нәрсенің тек заңды түрде жүзеге асқанына ынталы.

Альбина ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу