Еуразиялық экномикалық одақ елдері ішінде Қазақстан ғана былтыр сыртқы қарызын азайтан. Қазіргі таңда еліміздің берешегі 157 миллиард доллар. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2 миллиард долларға кем. Қазақстанға қарыз берген ең ірі кредиторлардың қатарында Ұлыбритания, АҚШ, Нидерланды, Франция мен Қытай бар. Ал одақ ішінде ең көп ақша алған ел Ресей. Былтыр 8 пайызға жуық өсіп, 500 миллиард долларға жуықтады. Ондан кейінгі орында Беларусь - 40 миллиард, Арменияның-12, Қырғызстаннның 8 миллиард доллардан астам қаразы бар.
Ләйла ДУЛАТ