Шағын және орта бизнесті қайта қаржыландыру мәселесі көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шағын және орта бизнесті қайта қаржыландыру мәселесі көтерілді

30.04.2020

Шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелеу бағдарламасына қайта қаржыландыру тетігін де қосу керек. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов осылай деп отыр. Оның есебі бойынша, елде карантиннің кесірінен кемінде 15 пайыз, яғни 100 мыңға жуық кәсіпкер банкротқа ұшырауы мүмкін. Сондықтан бұрынғы қарызынан құтылуға жағдай жасамасақ қаржылық қиындықтан жапа шегеді. Бұдан бөлек, Қазақстанда кредитті уақытында жауып отырған 25 мыңдай компания бар. Соларға да қолдау көрсеткен дұрыс деп есептейді Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл.

Мемлекет басшысы Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне бірлесіп, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын әзірлеуді тапсырған болатын. Осы бағытта 600 миллиард теңге бөлінді. Қаржыны банктер 3 ай ішінде игеруі керек. Ал кәсіпкерлер 8 пайыздық жеңілдетілген кредитті 1 жылда қайтаруы тиіс.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу