Мұнай сақтайтын орын жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай сақтайтын орын жоқ

30.04.2020
Мұнай сақтайтын орын жоқ

Бүгінде мұнай сақтайтын орын табу мұң болып тұр. Өйткені сұраныс аз. Қазір коронавирусқа байланысты миллиардтаған адам үйде отыр, бұдан экономикалық белсенділік төмендеп, нарықта артық мұнай шектен тыс көбейген.

Қоймалар, резервуарлар, танкерлер, теміржол цистерналары - бәрі лық толы. Ал мұнай сақтау орындарын қамтамасыз ететін компаниялар пайдаға кенелген. Танкерлерге, «қара алтын» базалары мен цистерналарға сұраныс бірден артқан.

Мамандардың болжамынша, кейбір мемлекеттерде энергетикалық шикізат сақтайтын қоймаларда таяуда орын қалмауы мүмкін. Мәселен, АҚШ-та стратегиялық мұнай резервіне жататын 4 жерасты қоймасы бар. Ал Оклахомадағы «Кюшинг» қоймасы - әлемдегі ең ірі мұнай сақтайтын орындардың бірі. Соның өзінде бұл елде қолданылмаған «қара алтын» көбейіп келеді.

Қазір Калифорния жағалауында мұнай толы 28 танкер қаңтарылып тұр. Олардың қашан аттанары белгісіз. Өйткені шикізатты түсіретін орын жоқ.

Сингапур жағалауында да шикізат тиелген 60-қа жуық танкер тұр. Жағалау маңындағы резервуарлар толғандықтан олардың кейбіреуі отынды теңізде сақтау үшін пайдаланылуда.

Ресейде де жағдай мәз емес. Мамандардың бағалауынша, елдің мұнай сақтау ахуалы дағдарысқа тірелген. Олар мамырда бұл елде «қара алтынға» мүлдем орын қалмайды деп отыр. Бар мәселе мұнайды ұзақ сақтау мүмкіндігі қарастырылмандығында болып тұр. Өйткені бұл елде мұнай өнеркәсіпкері үзіліссіз жұмыс істейді. Яғни, өндіруші компаниялар шикізатты өңдеп, одан әрі ішкі нарыққа немесе экспортқа жібереді. Ұзақ сақтамайды.

Кейбір деректерге сүйенсек, Ресейде мұнай сақтауға танкерлерден бөлек, әскери техника да (танктер, ұшақтар мен автокөліктер) жұмылдырылған. 

«Дағдарыстан шығудың бірден бір жолы - мұнай өндірісін қысқарту», - дейді сарапшылар. Сонда ғана бұл мәселе оң шешілмек.

mk.ru

Хабарламаларға жазылу