Түркияға демалуға баратын туристердің көпшілігі таңдайтын «all inclusive», яғни «барлығы енгізілген» қызмет түрі енді болмайды. Коронавирустың кесірінен елде туристерді қабылдаудың жаңа «жол картасы», яғни арнайы құжат әзірленіп жатыр. Бұл туралы Түркияның Мәдениет және туризм министрі мәлімдеді. Жаңа ережеге сәйкес туристер вирустан таза деген арнайы сертификаты бар қонақ үйлерге ғана орналаса алады. Және отельдерде демалушылар арасында әлеуметтік арақашықтық міндетті түрде сақталуы тиіс. Сондай-ақ аста- төк ас, яғни қалаған тамағыңды кез-келген мөлшерде алу қызметі де болмайды. Ал шекараның туристер үшін нақты қашан ашылатыны әзірге белгісіз. Түркияның ұлттық әуе компаниясы – «Түрік әуе жолдары» ішкі-сыртқы рейстер 28 мамырға дейін ұшпайтынын хабарлады.
Айдос ӘШІМ