Павлодарда дер кезінде көмек көрсетілмеген науқас өлім аузында жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда дер кезінде көмек көрсетілмеген науқас өлім аузында жатыр

29.04.2020

Карантинге жабылған үйлердің бірінде тұрған жалғыз басты азамат инсульт алып құлап, басын жарып алған. Ал есікті ашып беруге шақыртылған құтқару қызметі вирус ошағы деп танылған үйге кіруге ресми руқсат алу үшін 2 сағат тағы күткен.

Бұл осыдан 4 күн бұрын болған жағдай. Берік Омарханов алғашқы келген жедел жәрдем әкесінің қан қысымы жоғары бола тұра неге ауруханаға апармағандеп ашынады. Жан айқайын әлеуметтік желіге жария еткен.

Бүгін аурухананың жан сақтау бөлімінде жатқан науқасқа ұлының кіріп-шығуына рұқсат берілді.

Дәрігерлер өздерінің кінәлі емес екенін айтады. Ал өлім аузында жатқан азаматтың мұндай күйге түсуіне кімнің кінәлі екенін арнайы комиссия анықтайды.

Болат АМАНБАЕВ


Хабарламаларға жазылу