«Самұрық-Қазынаның» берешегі  биыл 18 миллиардтан 16,2 миллиард долларға азайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Самұрық-Қазынаның» берешегі  биыл 18 миллиардтан 16,2 миллиард долларға азайған

03.08.2018

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына» қарасты компаниялардың  шет елдерге 16,2 миллиард доллар берешегі бар. Қарыз көлемі жыл санап азайып келеді. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында қордың басқарушы директоры  Ернар Жанәділ айтты. «Самұрық-Қазынаның» берешегі биыл 18 миллиардтан 16,2 миллиард долларға азайған. Қордағы қарызы ең көп компаниялардың бірі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы. Оның сыртқы қарызы 12 миллиард доллар көлемінде. Қарызды азайту үшін биыл «ҚазМұнайГаз» компаниясы 1,6 миллиард доллар көлемінде берешегін қайтарған.

Бұдан бөлек, «Самұрық-Энерго» компаниясы да өзінің 37 миллиард теңге көлеміндегі сыртқы қарызын уақытынан бұрын жапқан.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу