Мәжілісте лотерея қызметі туралы заң жобасы мақұлданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілісте лотерея қызметі туралы заң жобасы мақұлданды

29.04.2020

Осылай халықты алдап, заңды айналып жүргендер енді жазасыз қалмайды. Өйткені бүгін Мәжілісте лотерея қызметіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы мақұлданды. Бұл не деген сөз? Егер бұл заң жобасын Сенат та қолдап, ол күшіне енсе, ұтыс ойнататындар әкімшілік жауапкершілікке тартылады деген сөз. Бұған дейін мұндай адамдарға шара қолдану заң бойынша қарастырылмаған еді. Мәжілістің пленарлық отырысында талқыланған заң жобасында «лотереяны жарнамалауға тыйым салу» қарастырылған. Мұндай құқыққа лотерея операторы ие болады. Сондай-ақ ұтыстарды ойнату барынша әділ өтуі үшін «Лотереялар және лотереялар қызметі» туралы заңға да өзгерістер енгізілмек. Онда лотерея таратушы агенттің міндеттері айқындалады.  

Альбина ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу