Алматы облысында жер мәселесіне қатысты 11 қылмыстық іс қозғалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында жер мәселесіне қатысты 11 қылмыстық іс қозғалған

29.04.2020

Алматы облысында тек биылғы жылдың бірінші тоқсанында жер мәселесіне қатысты 11 қылмыстық іс қозғалды. Олардың 9 дерегі сыбайлас жемқорлық бойынша. Сотталғандардың көбі — Алматы мегаполисі маңындағы ауыл әкімдері, бірінші басшылар. Зерттеу нәтижелері бойынша өңір сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша тізім басында. Сол себепті жер төңірегіндегі дауларды болдырмау, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында бұдан былай жер комиссиясының отырыстарын жариялы түрде өткізу ұсынылуда. Яғни алдағы уақытта әр басқосуда аудио-бейне жазба жүргізіліп, азаматтық қоғам өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдары да қатысатын болады.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу