Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер ұлттық жоспар әзірлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер ұлттық жоспар әзірлейді

28.04.2020

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер балық өсіру ісін дамыту бойынша ұлттық жоспар әзірлейді. 2018 жылы одақ елдері 650 мың тонна балықты импорттап, 2,2 миллиард доллар жоғалтқан. Соңғы үш жылда өндіріс көлемі Қазақстанда 5 есе, Арменияда 1,5 есе, Қырғызстанда 2 есеге ұлғайғанымен, ортақ нарықта импорттың үлесі басым. Бағдарлама күшіне енген соң, ветеринариялық препараттарды шығару, қорек дайындау, арнайы нысандарды талапқа сай жарақтандыру қолға алынады. Мемлекеттер өзара селекциялық-асылдандыру жұмыстарын да бірлесіп жүзеге асырмақ.

Индира БЕГАЙДАР


Хабарламаларға жазылу