Еліміздің барлық қалаларында аулада серуендеумен қатар саяжайларға баруға да рұқсат берілді. Алайда бұл белгілі бір уақыт пен ереже аясында жүзеге асады. Мысалы, саяжайға барғандар тек бау-бақшаны егу, күту жұмыстарымен айналысуы тиіс. Көңілді демалыс ұйымдастырып, спиртті ішімдік ішкендер жазаға тартылады.
Саяжайға жаяу, велосипедпен немесе жеке көлікпен баруға болады.
Өзіңізбен бірге болуы тиіс құжаттар: жеке куәлік немесе саяжай қоғамына мүшелік кітапшасы.
Дәуренбек ӘБДІБЕК