Алматыда 15 мың теңге өтемақы алатындар үшін қосымша байланыс орталығы жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 15 мың теңге өтемақы алатындар үшін қосымша байланыс орталығы жұмыс істейді

27.04.2020

Алматыда коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңге өтемақы алатындарға арналған қосымша байланыс орталығы жұмысын бастады.

Көмек алатындар тізіміне енгендер бүгіннен бастап 377-74-44 номеріне қоңырау шалуына болады. Олардың жеке сәйкестендіру нөмірі мен аты-жөні арқылы көмек алатындар тізімінде бар-жоғын анықтауға мүмкіндігі бар. Тұрғындар сұрағына жауап беру үшін 70-тен астам оператор қызмет көрсетуге кірісті. Егер көмек алатындар қатарына енген тұрғындар коммуналдық қызмет ақысын сәуірге төлеп қойса және оның сомасы 15 мыңнан аспаған болса қайта есептеу жүргізіледі.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу