Нұр-Сұлтанда соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі

27.04.2020
Нұр-Сұлтанда соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі

9 мамырға ақшалай төлемдер ардагерлердің жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне және басқа да бірқатар санаттарға қарастырылған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге байланысты Нұр-Сұлтанда соғыс ардагерлері 1 млн теңгеден алады. Қазіргі таңда елордада 44 ардагер бар. Сонымен қатар, тыл еңбеккерлері, қайтыс болған ардагерлердің әйелдері, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс ардагерлеріне теңестірілген барлық адамдар да біржолғы ақшалай төлемдерді алады. 

Атап айтқанда, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ІІ Дүниежүзілік соғыстың қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға – 75 мың теңгеден (405 адам), жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдарға, оның ішінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, соғыс жылдарында қайтыс болған жауынгерлердің жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне – 32 500 теңгеден (3 529 адам) біржолғы ақшалай төлемдер қарастырылған.

Хабарламаларға жазылу