Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшинмен сұхбат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшинмен сұхбат

26.04.2020

Алматыдағы орталық клиникалық ауруханада вирус жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны 200 -ден асып кетті. Хабарланғандай, қайтыс болған педиатр дәрігердің ері мен баласы осы ауруханада істеген.  

Комиссияның түпкілікті қорытындысы шыққан жоқ, тағайындалғанына бір апта болған Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин алдын-ала жасалған пайыммен бөліскен. Ол аурухананың қабылдау бөлімінде түскен науқастарды жаппай қабылдап, оқшаулау сосын жүргізілгенін, сонымен бірге өкпенің қабынуы асқынған, тыныс алу жолдары ауруы күшейген, жағдайы ауыр науқастарға арналған изолятордың мемлекеттік органдарға хабар бермей, ашылғанын айтып отыр. Ал дәрігерлер осыдан оншақты күн бұрын «өкпе қабынуы күдігімен әкелген пациенттердің коронавирус жұқтырғаны маңдайына жазылып тұрған жоқ, қалай қабылдамайсың, оның үстіне көмек беру біздің міндетіміз», -деген.

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу