Жетісу өңірінде көктемгі дала жұмыстары қарқын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу өңірінде көктемгі дала жұмыстары қарқын алды

24.04.2020

Жетісудың баурайындағы елді мекендерде тірлік қызу. Мал төлдеп, көктемгі дала жұмыстары қарқын алды.

Қызылшоқы ауылындағы Домбаевтар әулетінде нағыз қарбалас шақ. Жайлымдағы жылқы сиыр өз алдына, үйдегі ұсақ мал да төлдеп абыр-сабыр. Отағасы Нұрсалбек ақсақалдың жеке шығып, ауылшаруашылығына бет бұрғанына 30 жылға жуықтапты. Бабын білсең ата кәсіп асырайтынын айтады қария.

Аққа аузы тиген бала -шаға да мәре- сәре. Келін сиыр сауып, сүтін тартып, май шайқаса, отанасы құрт жасап әуре-сарсаң. Ырыс-берекесі артқан әр шаңырақтағы көрініс осы. Елдегі ағайын еңбектің арқасында күн көріп отыр.

Біраз күнде ауылда қой қырқу науқаны басталады. Мұнда да жұмыс жетіп артылады. Қыз-келіндер жүн түтіп, жіп иіріп, іс бастаса, ерлер жағы қыстан аман шыққан ұсақ малдың жайын күйттеп, жайлауға жіберуге қамданады.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу