Карантиннен кейін көлік арзандай ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантиннен кейін көлік арзандай ма?

24.04.2020

Елімізде карантин басталмай тұрып-ақ көлік бағасы қымбаттап кеткен. Төтенше жағдай тұтынушылық нарыққа тіптен теріс ықпал етті. Көлік сатып алуды көздегендер әліптің артын бағып отыр. Өйткені арнайы Халыққа қызмет көрсету орталықтары әзірге жабық. Жаңа көлікті есепке қою да мүмкін емес.  

Отандық машина жасаушыларды қолдау үшін үкімет жыл сайын 20 миллиард теңгені жеңілдетілген несие ретінде үлестіреді. Десе де, дағдарысқа байланысты әлем елдерінде көлік өндіру көлемі кемімек. Сондықтан сарапшы қысылтаяң тұста қаржыландыруды қоя тұрған жөн екендігін айтады.

Көлік нарығы қазір көз алдымызда құбылып тұр. Сарапшылар карантиннен кейін қаржыдан қысылған жұрт темір тұлпарларын арзанға саудалауы кәдік деп отыр. Әрі дағдарыс кезінде көлікті несиеге алудың қажеті жоқ, себебі кейін машақаты көп болатынын айтады.

Еркін СЪЕЗҰЛЫ  


Хабарламаларға жазылу