Ұлттық банк — Ұлттық қордың шетелдік банкте сақталған қаражаты негізсіз бұғатталғанын дәлелдеп шықты. Англияның Жоғары соты молдавиялық кәсіпкерлердің ісі бойынша шешімді Қазақстан пайдасына шығарды. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның энергетика саласына инвестиция құйған молдавиялық ағайынды Статилер осыдан он жыл бұрын Қазақстанды сотқа берген еді. Олар біздің елді халықаралық энергетикалық хартия талаптарын бұзды деп айтыптап, өздерінің инвестиция ретінде құйған 530 миллион доллар көлеміндегі шығынын өтеуді талап етіп отыр. Салдарынан Нью-Иорктің Меллон банкіндегі Ұлттық қордың шоттары бұғатталған болатын. Ал Қазақстан тарапы олардың бұл әрекетін алаяқтық деп санап, өздерін сотқа берді. Ұлттық банк өкілдері түбінде жеңіске жететіндіктеріне сенімді.
Бұған дейінгі Лондондағы соттың бірінде Статилердің алаяқтығы дәлелденген болатын. Алайда, экс-инвесторлардың аппиляциялық арыздары бойынша істің нүктесі қойылмай келеді. Осы уақытқа дейін Англиядан бөлек, Швеция, Нидерланды, Бельгия елдерінде де сот отырыстары болды. Атап өтетін бір жайт, бұл Әділет министрлігі мен Ұлттық банктің осы іс бойынша екінші жеңісі.
Ләйла ДУЛАТ