Саяжай қызметкерлері үшін шектеулерді алып тастауды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саяжай қызметкерлері үшін шектеулерді алып тастауды ұсынды

24.04.2020

Еліміздегі карантин жарияланған қалалардың саяжайшылары сергелдеңге түсті. Себебі қазір қоғамдық көлік тоқтады. Тиесілі жерді өңдеуге өз бетінше баруға да рұқсат жоқ. Соның кесірінен өскіндер қурап, топырақ құрғап барады. Осыған байланысты Қостанайда жүзден аса саяжай иесі қала әкіміне хат жолдады.  

Ал Петропавл қаласындағы 136 саяжай қауымдастығында 21 923 жер телімі бар. Соның 2300-і биыл тасқын кезінде суда қалды. Кебуіне кем дегенде 1 ай керек. Алайда карантиннің кесірінен жұртшылық су баспаған саяжайларына да бара алмай отыр.

Нұр- Сұлтан қаласының тұрғындары да саяжайға баруға рұқсат сұрап әкімдікке өтінішті қарша боратып жатыр. Ал теміртаулықтар рұқсат қағазын алу үшін саяжай қауымдастықтарының алдына жиналған. Бұл түйткілге, тіпті Ішкі істер министрлігі де назар аударып, жергілікті әкімшіліктерге саяжайшылар үшін шектеулерді алып тастауды ұсынды.

Дәуренбек ӘБДІБЕК


Хабарламаларға жазылу