15 мамырдан бастап ішкі әуе рейстері қатынасын бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

15 мамырдан бастап ішкі әуе рейстері қатынасын бастайды

24.04.2020

15 мамырдан бастап Қазақстандағы әуекомпаниялар жұмысын қайта бастауы мүмкін. Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры Қанат Алпысбаев айтты. Оның сөзінше, елдегі төтенше жағдай шиленісіп кетпесе, осы уақытта әуе рейстері ашылып, ұшақтар әуеге көтеріледі. Коронавирустың кесірінен, елдегі әуекомпаниялар миллиардап шығынға батқан. Мәселен, «Air Astana» компаниясының жылдық кірісі 140 миллиард теңгеге қысқармақ. Өйткені, наурыз-сәуір айларына жоспарланған рейстердің 60% орындалмай қалған. Ал «Qazaq Air» екі айда жоспарлы жылдық табысының 44 пайызынан қағылмақ. Яғни, 1520 рейстің 70% жүзеге аспай қалған. Бұл мәліметтер төтенше жағдай және карантинді ұзарту мерзіміне қарай тағы өзгермек.

Сондай-ақ Air Astana-ны IPO-ға шығару 2021 жылға дейін шегерілуі мүмкін. Себебі қазіргідей қиын кезде әлемдегі нарық құлдырап, баға төмендеп кеткен тұста, халықтық IPO-ны биыл шығарудың еш қажеті жоқ. Тек 2021 жылы сұраныс пен ұсыныс болған кезде қарастыратынын айтады Қанат Алпысбаев.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу