Алматыда 18 күнде салынған аурухана науқастарды қабылдауға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 18 күнде салынған аурухана науқастарды қабылдауға дайын

24.04.2020

Алматыда 18 күнде тұрғызылған модульді жұқпалы аурулар ауруханасы науқастарды қабылдауға дайын. 280 орындық емдеу мекемесі коронавирустық инфекциямен ауыратындарды емдеуге арналған. Дегенмен, медициналық кешен уақытша ғана салынды.

9637 Бұл жұқпалы аурулар ауруханасында 2 зертхана бар. 280 адамға есептелген заманауи ауруханада 9 клиникалық бөлімше, 28 төсекке шақталған жансақтау бөлімшесі, науқастарға арналған палаталарға бөлінген. Коронавирус жұқтырған пациенттерді емдеу үшін барлық жағдай бар, тіпті, тәулік бойы тер төгетін медицина қызметкерлердің жатын орындары қарастырылған.

Аурухананың дайындығын бүгін қала әкімі өзі тексеріп шықты. Бақытжан Сағынтаев уақытша салынса да, нысанның сапасы мен медициналық құрылғылармен жабдықталуына жоғары баға берді.

Бұл кешен ұйқысыз әрі демалыссыз коронавирустық инфекциямен күресіп жүрген ақ халаттыларға алғыс білдіріп, олардың жұмысын жеңілдету мақсатында тұрғызылған. Жаңа аурухана ертеңнен бастап науқастарды қабылдай бастайды.

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу