Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті

24.04.2020

Бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Онда дағдарысқа қарсы шаралар кешенін жүзеге асыру, сондай-ақ экономиканы қалпына келтіру және дағдарыстан кейінгі даму шаралары талқыланды.

Қауіпсіздік кеңесінің отырысы қауіпсіз режимде онлайн өтті. Әуелі дүниежүзін діңкелеткен дерт – корнавирус эпидемиясына қарсы күрестің стратегиялық мәселелері айтылды. Сол вирус дүниежүзіндегі дағдарыстың дауылын одан әрі үдетіп, талай мемлекеттің экономикасына ауыр соққы болды.

«Бұл дағдарысты біз де жеңетінімізге сенімдімін. Әкімдер, министрлер жеке жауапкершілікте болады. Үкімет барлық мемлекеттік бағдарламалар мен дағдарысқа қарсы шаралардың тиімді орындалуын бақылауды қамтамасыз етуі керек. Мен барлық адамдарға қабылданған шараларды қолдауға, бірлік, бірлік пен тәртіпті көрсетуге шақырамын. Мұның бәрі қазақстандықтардың мүддесі үшін жасалып жатыр», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу