Чебурашка туралы 3D-мультфильм жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чебурашка туралы 3D-мультфильм жарыққа шықты

24.04.2020
Чебурашка туралы 3D-мультфильм жарыққа шықты

Жапондық мультипликаторлар әйгілі Чебурашка туралы жаңа 3D-мультфильм жасап шығарды. Бұл Эдуард Успенскийдің шығармаларындағы кейіпкерге заманауи форматта жасалған алғашқы туынды.

3D-мультфильм 2010 жылы Жапонияда жарық көрген «Чебурашка деген кім?» атты 26 бөлімнен тұратын туындының 10 жылдығына арналған.

Чебурашка туралы фильмдерді жасау және тарату құқығын 2003 жылы Жапонияның SP International компаниясы «Союзмультфильмнен» сатып алған болатын. Екіжақты келісім бойынша Чебурашка мен қолтырауын Генаның авторлық құқықтары 2023 жылға дейін SP International компаниясына тиесілі.

Алайда «Союзмультфильм» басшылығы атақты кейіпкерлердің авторлық құқығын қайтарып алуды көздеп отыр. Олардың айтуынша құжатта ресейлік студия тарапы келіспейтін тұстар өте көп.


Дереккөз: Кommersant

Хабарламаларға жазылу