10 адамды өрттен құтқарған қазақстандыққа Оңтүстік Корея билігі арнайы виза беремек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

10 адамды өрттен құтқарған қазақстандыққа Оңтүстік Корея билігі арнайы виза беремек

23.04.2020

10 адамды өрттен құтқарған қазақстандыққа Оңтүстік Корея билігі арнайы виза беретін болды. Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Кореяның Әділет министрлігінің өкілдері Әлимен жеке кездесіп, кейін оған Оңтүстік Кореяда тұру мәртебесін беру туралы шешім қабылдаған. СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Әлиге алдағы уақытта тұрақты тұру мәртебесін беру мәселесі де талқыланып жатқанын айтты. Оңтүстік Корея билігі берген мұндай артықшылықты Әли пайдалана ма, жоқ па – өзі шешеді. Сонымен қатар корейлік LG Welfare Foundation қоры Әлиді арнайы LG Personnel Award сыйлығымен марапаттауды ұсынды. Ол сыйлық басқа адамдарды құтқарып қалған батыл жандарға беріледі. Естеріңізге салайық, Әли — Оңтүстік Кореяға напақа табу мақсатында кеткен заңсыз мигрант. Ол тұратын жатақханадан түнде өрт шығып, он адамды құтқарып қалған еді. Алайда, заңсыз жүргендіктен, құтқару қызметі келгенде, тығылып қалады. Оған риза болған көршілері оның батыр әрекеті туралы Президентке жазып, елде тұруға рұқсат беруді сұраған еді. 


Хабарламаларға жазылу