Астанада Қазақстан-Словения бизнес-форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Қазақстан-Словения бизнес-форумы өтті

06.06.2018

Бүгін Астанада Қазақстан мен Словения бизнес-форумы өтті. Жиынға екі елдің 60-тан астам өкілі қатысты. Олар қос мемлекет арасындағы сауда-саттықты арттыру мақсатында инвестициялық жобаларға қол қойды. Келешекте бірлесіп атқаратын жоспарларды талқылады. Шараға тек екі елдің емес, Орталық Еуропадағы өзге мемлекеттердің, Қырғызстан, Өзбекстанның кәсіпкерлері де қатысты. Айта кетейік, былтыр Қазақстан мен Словения арасындағы тауар айналымы 23 миллион долларға жеткен. Бүгінде Қазақстан бұл елге мақта, темір және болат экспорттайды. 

Деян Штанцер, Қазақстан-Словения бизнес клубының президенті:

- Осы кездесу арқылы Орталық Азия мен Еуропа арасындағы ынтымақтастық күшейе түскеніне сенімдімін. Қазақстан нарығы Словения үшін қашан да маңызды. Мәселен, былтыр біздің  компаниялар тікелей инвестиция арқылы Қазақстан экономикасына 70 миллион доллар қаржы құйды. Бүгінде Қазақстанда ІТ, энергетика, индустрия саласында словениялық 100-ден астам компания жұмыс істейді.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу