Әлем нарығында мұнайдың бағасы қайта өсе бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем нарығында мұнайдың бағасы қайта өсе бастады

23.04.2020

Бүгін Brent маркалы шикізаттыңі нарқы 8,7 пайызға қымбаттап, 22 доллардан асты. Ал америкалық сұрып – WTI-дің құны 13,6 пайызға өсіп, 15 доллар 65 центке жетті.  

Сарапшылардың пікірінше, көмірсутегі бағасының көтерілуіне экспортер елдердің мұнай өндірісін қысқарту әрекеті, әлем мемлекеттерінің коронавирус пандемиясының экономикалық зардабын жеңілдету жоспарлары себепші. Сонымен қатар, Таяу Шығыстағы шиеленіс күшейіп, нарыққа энергетикалық отын жеткізу қиындайды деген алаңдаушылық туындап отыр.

Айта кетсек, бұған дейін президент Дональд Трамптың америкалық теңізшілерге өздеріне жақындаған ирандық кемелерді атуға нұсқау берген еді.

Соңғы бес аптада АҚШ-та жұмыстан айрылып, үкіметтен жәрдемақы сұрағандар саны 26 миллионға жетті. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Яғни, 2010 жылы Американың еңбек нарығында басталған өркендеуден бері құрылған ондаған миллион жұмыс орны коронавирус эпидемиясы кесірінен небары бір айда жоқ болды.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу