Карантиннен кейін Алматы мен Нұр-Сұлтандағы ескі үйлердің бағасы арзандауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантиннен кейін Алматы мен Нұр-Сұлтандағы ескі үйлердің бағасы арзандауы мүмкін

23.04.2020

Дағдарыс жылжымайтын мүлік нарығына да салқынын тигізіп жатыр. Сарапшылар пікірінше, қолданыстағы баспананы сатып алу тиімді болғалы тұр. Өйткені жаңа салынған пәтерлердің нарығы тоқырайды. Сәйкесінше, құрылыс компаниялары аса қиын жағдайда қалуы әбден мүмкін.  

Сарапшылардың сөзінше, карантиннен кейін Алматы мен Нұр-Сұлтандағы қолданыста болған ескі үйдің бағасы 1-2 миллион теңгеге дейін арзандауы мүмкін. Ал жаңа үйлердің құны қайта 10-15 пайызға қымбаттайды. Себебі құрылысқа қажетті көп заттар сырттан келгесін бағасы долларға байлаулы.

Елдегі төтенше жағдайдан соң үйді жалдау ақысы да едәуір төмендеді. Үй иелері тұтынушыны ұстап қалу үшін амалсыз бағаны түсіруге мәжбүр. Сонымен қатар, элиталы және бизнес кластағы үйлерге сұраныс қазіргіден де азайып, қайта эконом кластағы пәтерлер өтімді болады деп отыр.

Еркін СЪЕЗҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу