Карантиннен кейін елордалық 4 мыңға жуық жалдамалы қызметкер жұмыссыз қалуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантиннен кейін елордалық 4 мыңға жуық жалдамалы қызметкер жұмыссыз қалуы мүмкін

23.04.2020

Төтенше жағдай режимі алынған соң елордалық 4 мыңдай жалдамалы жұмыскер далада қалуы мүмкін. Бұл елордалық кәсіпкерлер палатасы мамандарының болжамы. Айболат Есентеміровтың айтуынша, карантин аяқталғанда Нұр-Сұлтандағы кәсіпорындар бұрынғыдай толық қуатына шыға алмайды. Сондықтан кәсіпкерлер 20 пайызға дейін кадрлық оптимизация жасайды. Осы орайда палата өкілдері ресми сайттарында күнде бос жұмыс орындары ұсынылатынын еске салды. Карантин басталғалы 50 адам жұмыспен қамтылып та үлгерген.   

Сондай-ақ палата өкілдері карантин кезінде елордалық кәсіпкерлерді мазалаған басты мәселелерге де тоқталды. Бизнес өкілдері жеке көлік деректемелерін «Сергек» базасына тіркеуге қол ұшын созуды сұрап жатыр. Алайда атамекендіктер қала ішінде тек қызметтік көліктер қатынайтынын қаперге салды. Жалпы, бүгінде түрлі кәсіпорындардан қызметтік көліктерді Сергек базасына енгізу туралы 700 -дей өтініш түскен.  

Ләйла ДУЛАТ


Хабарламаларға жазылу