Карантин елдегі шағын және орта бизнеске ауыр соққы болды. Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы кәсіп нысандарының жабылуы жылда бизнестен түсетін табысты 30 пайызға кемітіп жіберді. Ал жергілікті бюджеттер 230 миллиард теңге кірістен қағылған. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеді. Бірақ мамандар бизнес банкротқа батып, толық тоқырауға ұшырады деуге болмайтынын айтады. Өйткені, дағдарыстың алдын алу үшін шағын кәсіпкерлікке мемелекеттік қолдау шаралары артып келеді.
«Бизнестің жол картасы» аясында бір кәсіпкерге берілетін несие мөлшері 2,5 миллион теңгеден 7 миллионға көбейеді. Жылдық сыйақы көлемі 6 пайыздан аспайды. Әрі «айналым қаражаты» үшін берілетін несие 60 милллионнан 500 милллон теңгеге өсті. Бұл кәсіпкердің тауар алуына, жалақы төлеуіне арналған қаржы.
Несилендірудің барлығы «Даму» қоры арқылы жүзеге асады. Кәсіпкерлер осы қорға жүгінуі тиіс.
Кәсіпкерлерді қолдау шарасы мұным ен тоқтамайды. Мәселен, Ұлттық банк шағын кәсіп пен орта бизнеске жеңілдетілген несие беретін жаңа бағдарламаны іске қоспақ. Оған 600 миллиард теңге бөлінеді. Несие мерзімі – 1 жыл. Ал жылдық пайыздық үстемесі - 8 пайыз.
Амангелді СЕЙІТХАН