Неміс ғалымы, Нюрнберг клиникасындағы неврологиялық орталықтың меңгерушісі Франк Эрбгут COVID-19-дың салдарынан туындайтын неврологиялық аурулар туралы мәлімдеді.
Профессордың айтуынша, ауыр халде жатқан науқастарда аурудың асқыну белгілері ретінде инсульт, ми қабығының қабынуы, бас айналуы және тіпті эпилепсия пайда болуы мүмкін.
Вирус ағзаның өз жүйке жасушаларына кері шабуылдайтын өздігінен жойғыш аутоиммундық процесті іске қосады. Франк Эрбгут неврологиялық асқынулар Қытайдың Ухань қаласындағы емделушілердің 36,4%-ында байқалғанын атап өтті. Дегенмен, профессор мұндай асқыну белгілері көпшілікте байқалмайтынын айтып, сендірді. Бұл белгілерді вирустың симптомы деп санамай, ерекше жағдай деп қараған жөн.
Дереккөз: Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы